Текст
25.06.2026
11-сынып түлектеріне аттестат табысталды
Мектебімізде 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Биыл мектепті 51 түлек аяқтады. Олардың ішінде 1 түлек қызыл аттестатқа ие болды.
Салтанатты шара барысында түлектерге аттестаттар табысталып, ұстаздар мен ата-аналар ізгі тілектерін білдірді. Мектеп ұжымы түлектерге алдағы өмір жолында сәттілік, жоғары жетістіктер мен армандарының орындалуын тіледі.
Құрметті түлектер! Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз сіздерді жаңа белестерге жетелесін. Болашақтарыңыз жарқын болсын!