Текст
25.06.2026
Мектебімізде 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті. Биыл мектеп қабырғасынан 81 түлек қанат қақты.
Салтанатты шара барысында түлектерге аттестаттар табысталып, ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды тілектерін жеткізді. Оқушылар мектепте алған білімдері мен тәрбиесін өмір жолында тиімді пайдаланып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірілді.
Құрметті түлектер! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық болып, білім мен еңбектің арқасында биік белестерді бағындыра беріңіздер!