Текст

28.05.2026 ж. 4-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты сабақтастық отырысы өтті. Пән мұғалімдері қатысып, математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейі, оқу сапасы және орта буынға бейімделуі туралы пікір алмасты.
Отырыста 5-сыныпқа көшу кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу және оқушыларға қолдау көрсету жолдары талқыланды. Мұғалімдер өзара тәжірибе бөлісіп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Жиын барысында білім сапасын арттыру, оқушыларға қолдау көрсету және мұғалімдер арасындағы бірлескен жұмысты нығайту мәселелері қарастырылды.