Текст

Оқу жылының басынан бастап мектепте асхана жұмыс істейді. Асхана 350 оқушыға арналған.
Оқушыларға сапалы тамақ ұйымдастыру және асхананың қызметін бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті және әлеуметтік педагог құрамынан бракераждық және мониторингтік комиссия құрылған.
Комиссия жоспарлы тексеріс жүргізіп, дайын тағамдардың сапасын, санитарлық жағдайды және технологиялық талаптардың сақталуын ұдайы бақылауда ұстайды.
Оқушылардың тамақтануы бекітілген апталық және күнделікті мәзір бойынша ұйымдастырылады. Мәзір оқушылардың жас ерекшеліктері мен теңгерімді тамақтану нормалары ескеріле отырып жасалған.
/public/files/2025/10/20/201025_162041_ysty-tamapen-oushylardyamtu-yymdastyru-1.pdf