«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының  №20 мектеп-гимназиясы» Комунальдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Школа-гимназия №20 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясы» КММ

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясы» КММ

Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Сарыарка 39.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясында 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар 1553 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 386 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 1167 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 0 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар жоқ.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)»;

«Білім беру ұйымының мектепалды даярлық сыныбында құжаттарды қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында https://shg20.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ барлық ақпарат ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы мектеп 3 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда  13 жарияланым өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. 2025 жылы 6 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде мектепке мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 2 бақылау іс-шарасы өткізілді.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст