«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 20 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бітіру іс-шараларын өткізу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету туралы

26.05.2026

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы №106-НҚ бұйрығын орындау туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» құжаттың талаптарын қатаң сақтау міндеттеледі.

Аталған бұйрыққа сәйкес білім беру ұйымдарында:

  • кештер, банкеттер, автокортеждер, түнгі «таңды қарсы алу» және алау жағу сияқты салтанатты іс-шараларды өткізуге;

  • мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға;

  • заңсыз ақша жинау арқылы мерекелік шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар:

  • бұйрық пен қаулы талаптарының мүлтіксіз орындалуы қамтамасыз етілсін;

  • педагогтер, білім алушылар және ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін;

  • бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға және заңсыз ақша жинауға бағытталған кез келген әрекеттердің алдын алу шаралары күшейтілсін.

Осы талаптардың орындалуы білім беру ұйымдарында ашықтықты, тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст