Текст
26.05.2026
Аттестат тапсыру салтанатының өту форматы
Мектебімізде 9 және 11-сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру салтанаты бекітілген тәртіппен өткізіледі.
Өткізу орны:
Салтанатты рәсім тек мектеп ғимаратында немесе мектеп аумағында ұйымдастырылады.
Киім үлгісі:
Оқушылардың киім үлгісі мектеп формасына қатаң сәйкес болуы қажет.
Мерекелік кештерге арналған сәнді, бейресми киімдерге (көйлек, смокинг және т.б.) рұқсат етілмейді.
Өткізілу мерзімі:
9-сыныптар — 16.06.2026 ж.
11-сыныптар — 18.06.2026 ж. (АКТ залы)
Нақты уақыт қосымша хабарланатын болады.