Мектеп сайтына қош келдіңіздер!

Құрметті ата-аналар, оқушылар және сайт қонақтары!
Көкшетау қаласының мектеп-гимназиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы аясында салынған, заманауи білім беру стандарттарына сай жабдықталған жаңа форматтағы оқу орны. Біздің мақсатымыз – оқушыларға сапалы білім беру, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Мектеп-гимназиямызда инновациялық әдістер, цифрлық технологиялар, инклюзивті білім беру және жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тереңдетіп меңгеру арқылы көптілділік дағдыларын дамытады. Біздің тілдік бағдарлама шет тілдерін жетік меңгеруге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді.Біз әрбір оқушының қабілетін ашып, жеке дамуына мүмкіндік беру арқылы, болашаққа нық қадам жасауына жағдай жасаймыз.
Сайт беттерінен сіздер мектептің оқу үрдісі, жетістіктеріміз, оқыту бағдарламалары және маңызды жаңалықтары туралы ақпарат ала аласыздар.
Бірге жарқын болашаққа қадам басайық!
Ізгі ниетпен,
Мектеп директоры: Тохан Манаргуль

26.02.2026
АНОНС
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемелекеттік мекеме «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер...
30.01.2026
«Болашақ» сарайында фиджитал футболдан 2010–2012 жылы туған оқушылар арасында қалалық жарыс
28 қаңтар күні «Болашақ» сарайында фиджитал футболдан 2010–2012 жылы туған оқушылар арасында қалалық жарыс өтті.
Жарысқа қаламыздың 12 командасы қатысты.
Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Мектеп намысын қорғаған...
30.01.2026
“Жастар” спартакиадасының облыстық финалдық кезеңі
27–30 қаңтар күндері қаламызда 9–11 сынып қыздары арасында облыстық “Жастар” спартакиадасының облыстық финалдық кезеңі өтті. Өз аймақтарында жеңіске жеткен 8 команда қатысқан жарыста тартысты әрі жоғары деңгейдегі ойындар көрсетілді.
Жарыс қорытындысы...
19.01.2026
“Үздік Спикер”
Қалалық дебат турнирі II орын, “Үздік Спикер” - Молдабаева Инайа. Жетекшісі: аға тәлімгер Уайс Нұртай
19.01.2026
Алматы қаласында өткен “CHRISTMAS OPEN 2025” жарыс
Алматы қаласында өткен “CHRISTMAS OPEN 2025” жарысында жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Гельманов Тлеухан — I орын
🥇 Шалабаев Али — I орын
🥈 Тулегенова Айлана — II орын
🥉 Дәулетбай Мөлдір — III орын
Жетекшісі: Шәріп Қуаныш Дәулетбайұлы.
19.01.2026
“Асық ату және Бес асық” қалалық турнир
“Асық ату және Бес асық” қалалық турнирінде
7 «А» сынып оқушысы – Аманжол Марлен жүлделі ІІ орын иеленді! 🥈
🔹 Жетекшісі: Қаиржан Сансызбай Сұнғатұлы
19.01.2026
“Тәуелсіздік – қазіргі ұрпақ үшін қадірі төмендеп бара жатқан құндылық”
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен
“Тәуелсіздік – қазіргі ұрпақ үшін қадірі төмендеп бара жатқан құндылық” атты қалалық дебат турнирінде
🥇 тарих пәні мұғалімі Айткен Есболат Қайырханұлы
🥇 аға тәлімгер Уайс Нұртай
жүлделі I орынды иеленді!...
19.01.2026
«Біз біргеміз»
Тәуелсіздік мерекесі және №14 мектептің 60 жылдық мерейтойы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған «Біз біргеміз» атты іс-шара өтіп 6 «В» сынып оқушысы Көшербай Нұрислам жоғары нәтиже көрсетіп, III орынға ие болды! ...
19.01.2026
«Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау» сайысы
Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен «Намыс» спартакиадасы аясындағы «Айбын» әскери-спорттық кешенінің жарысында біздің оқушылар жоғары нәтижелер көрсетті.
«Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау» сайысы бойынша:...
19.01.2026
«Нашақорлықтың алдын алу бойынша үздік әлеуметтік роликтер» қалалық байқауы
Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі мен «Зерделі Ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен
«Нашақорлықтың алдын алу бойынша үздік әлеуметтік роликтер» қалалық байқауында
біздің оқушымыз 2 орынға ие болды!
Жетекшісі: Набиев Ерхан...