30.01.2026
28 қаңтар күні «Болашақ» сарайында фиджитал футболдан 2010–2012 жылы туған оқушылар арасында қалалық жарыс өтті.
Жарысқа қаламыздың 12 командасы қатысты.
Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Мектеп намысын қорғаған жігіттер:
1. Байбулатов Темирлан (9 «Б») — команда капитаны, жарыстың үздік ойыншысы атанды;
2. Мукушев Данияр (9 «А»);
3. Жанбай Нұрсәт (9 «А»);
4. Қайдар Нұрсұлтан (10 «Ә»);
5. Баткулаев Даниал (8 «Б»).
Команда жетекшісі — педагог-ұйымдастырушы Гельманов Т.А.