30.01.2026
27–30 қаңтар күндері қаламызда 9–11 сынып қыздары арасында облыстық “Жастар” спартакиадасының облыстық финалдық кезеңі өтті. Өз аймақтарында жеңіске жеткен 8 команда қатысқан жарыста тартысты әрі жоғары деңгейдегі ойындар көрсетілді.
Жарыс қорытындысы бойынша қала намысын қорғаған мектебіміздің қыздар командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл – табандылық пен бірліктің, жүйелі дайындықтың айқын нәтижесі.
Мектеп пен қала абыройын асқақтатқан спортшыларымыз:
• Бостан Лаура (9А) — команда капитаны
• Қайдар Аймерей (9А) — жарыстың үздік тосқауылшысы
• Аманжолова Айлана (9А)
• Ерланқызы Малика (9В)
• Жұмабек Мөлдір (10А)
• Хатизар Назира (10Б)
• Сарина Зауреш (10Б)
• Мәди Ділшат (10В)
• Шорман Мадина (10В)
• Батанас Айлана (10Г)
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!