Текст
05.06.2026
«WOW Summer World» жазғы сауықтыру алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық іс-шара өтті. Балалар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихымен танысып, олардың маңызы туралы мәлімет алды. Шара барысында викториналарға қатысып, өлең оқып, ән айтып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.