12.05.2026
AQMOLA Jass Skills 2026 – жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған заманауи білім беру алаңы. Жоба аясында қатысушылар түрлі бағыттар бойынша өз қабілеттерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді меңгереді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіби бағдар беру және олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Біздің мектептің оқушылары осы чемпионат бойынша бірнеше компетенцияларға белсенді түрде қатысып және жүлделі орындарды иеленді.
«Химиялық талдау»- компетенциясы бойынша 1-орын және 50 000 теңгелік сертификатты 10А сынып оқушысы Хасымхан Аяулым иеленді.
«Жасанды интеллект (Ai) негіздері» компетенциясында 10А сынып оқушысы Аманжол Алихан 2-орын және 20 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
«Қыш өнері» компетенциясында 8Б сынып оқушысы Тукеева Дария 3-орын және 10 000 теңгелік сертификат алды.