«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 20 мектеп-гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 20 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зияткерлік ойында үздік нәтиже!

12.05.2026

20 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Төлеубай Аяулым Көкен Шакеевқа арналған тоғызқұмалақ турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, Көкшетау қаласы оқушылары арасында өткен зияткерлік додада жүлделі І орынды иеленді.

Жас дарын өзінің табандылығы мен логикалық ойлау қабілетінің арқасында қарсыластарынан озып шығып, ұлттық ойын – тоғызқұмалақтағы шеберлігін дәлелдеді.

Бұл жетістік – тек Аяулымның ғана емес, мектеп ұжымы мен ұстаздарының да ортақ мақтанышы. Жас жеңімпазға алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Просмотров: 70


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст