Текст
13.03.2026
📌2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді.
📌 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 1-сыныпқа биыл 6 жасқа толған немесе осы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
📌 Қажетті құжаттар:
1️⃣ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
2️⃣ №065/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
3️⃣ №026/у-3 нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты.
4️⃣ 3х4 см өлшеміндегі 2 дана түрлі-түсті фотосурет.
5️⃣ Баланың ерекше білім беру қажеттіліктері болған жағдайда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы.
📌 Өтініштерді қабылдау мерзімі:
📅 1 сәуір – 31 тамыз 2026 жыл.
☎️: 72-39-32